Моя Песня Создать песню
Обложка песни Ғұмыр кешем бұдан да бақыттырақ

Ғұмыр кешем бұдан да бақыттырақ

Моя песня · pop · ♫ 12 прослушиваний

0:000:00
Создать свою песню

Текст песни

Қол жаймаймын басқадан бақыт сұрап,
Жанарымнан сырғиды жақұт құлап
Сүрінгенде жаны кірер сұм заманда,
Ғұмыр кешем бұдан да бақыттырақ!

Шатқаяқтап,өмір жолда шайқатылам
Шәмші,Мұқаң ән-жырын айта тұрам
"Доңыз" көңіл достарға қас қылғанда,
Қағып алып балағымды қайта тұрам.

Кейде сұрғылт өміріме беріп рең,
"Шын" дос қайсы,"күл" дос қайсы,біліп жүрем
Саф көңілмен , ашық жарқын,кейде ашынып ,
Еңсем түспей, үнемі күліп жүрем.

Ақ сөйлеймін ,тура жүрер қаруым бар
Ата-анам ,туған-туыс, бауырым бар,
Жалғыз емен, Жаратқанға 101 мадақ,
Ал "күл" достар , қызғаныштан жарылыңдар !

Ақ танымның қуанамын атқанына ,
Тарқатпадым мұңымды жатқа мына
Кешіріңдер ,кінәм бар- жалғыз менің -
Шектен тыс сенім жүгін артқаныма ...

Білмеймін мен, Алланың сынағы ма?!
Балап едім өздеріңді шырағыма
Мейлің күл,мейлің датта сенемін мен
Әділеттің салтанат құрарына
Қара қылдың қақ ортадан сынарына ...

Өздеріңе аңсатып ,сағындырам
Алға ұмтылып саламын ,жалынды ұран
Кемелдіктің кемесіне мініп алып ,
Әлі талай биікті бағындырам !

Жанарымнан сырғымайды жақұт құлап ,
Қол жаймаймын басқадан бақыт сұрап,
Өзеріңе кең байтақ көңіл тілеп,
Ғұмыр кешем бұдан да бақыттырақ!!!

«Моя Песня» — персональные песни с помощью нейросети за пару минут.
Создать песню в Telegram →